17
март
2023
“Барқытбел орта мектеп-бақшасы” КММ -де Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы тойланды.
Абай облысы Үржар ауданы “Барқытбел орта мектеп-бақшасы” КММ -де Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы тойланды.Қазақтың үш биінің атымен үш ауылға бөлініп ата дәстүрімізді жаңғыртты.Мерекелік іс-шара Қыдыр атаның батасымен басталып ән мен биге ұласып қазақтың шолпы тағу,бесікке салу дәстүрлерімен жалғасын тапты.Соңында ұлттық ойындардан сайыс ұймдастырылып жеңімпаздар марапатталды.Үш ауыл бір-біріне жақсы тілектер айтып айтшылап мерекенің сәнін кіргізді
