"Жол ережелерін сақтау"
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің "Барқытбел орта мектеп-бақшасы"КММ-нің 4-сыныпта "Жол ережелерін сақтау" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру. Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.