Жаратылыстану пәндерінің апталығына орай 5,6,7,8,9 сыныптар аралығында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында географиялық сапар ұйымдастырылды. » Коммунальное государственное учреждение "Баркытбельская средняя школа "
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Барқытбел орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаратылыстану пәндерінің апталығына орай 5,6,7,8,9 сыныптар аралығында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында географиялық сапар ұйымдастырылды.
25
январь
2023

Жаратылыстану пәндерінің апталығына орай 5,6,7,8,9 сыныптар аралығында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында географиялық сапар ұйымдастырылды.

күні "Барқытбел орта мектеп-бақшасы" КММ-інде жаратылыстану пәндерінің апталығына орай 5,6,7,8,9 сыныптар аралығында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында географиялық сапар ұйымдастырылды. Географиялық сапардың басында әр сыныптың оқушылары өзара топтарға бөлініп, өздерің таныстырып, іс-шараны жақсы көңіл-күймен бастады. Сайыстың шарттары айтылып болған соң, оқушылар бірден арнайы картадағы маршруттар арқылы бекеттерге барып, тапсырмаларға кірісіп кетті. Тапсырмалар аудио және жазбаша түрде берілді. Және де бекеттер жалпы мектеп бойынша орналастырылды. Сайысты бірінші аяқтаған топтарға қосымша ұпай берілгендіктен, оқушылар арасында өзара бәсекелестік туындады. Ойынды ең алғаш болып аяқтаған 5 сынып оқушылары болсада, оларда ұпай санынан біршама кемшіліктер болды. Ойында соңында ұпай санының артықшылығымен 7 сынып оқушылары 1 орынды, 8 сынып 2 орынды, 6 сынып оқушылары 3 орынды иеленді. Оқушыларға арнайы грамоталар табысталды. "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында географиялық сапары осылай өтті. Оқушылар өз уақытын қызықты әрі көңілді өткізіп қана қоймай, Қазақстан туралы көптеген пайдалы мәліметтер алды. Іс- шараны өткізген география пәнінің мұғалімі: Конусова А.И @bilim_bolimi_urjar