«Барқытбел орта мектеп - бақша» КММ » Коммунальное государственное учреждение "Баркытбельская средняя школа "
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Барқытбел орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
октябрь
2018

«Барқытбел орта мектеп - бақша» КММ

Қуыршақ театрының тұсаукесері өтті
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ұрпаққа ертегі кейіпкерлерін сомдау арқылы қиялдарын шыңдауға және актерлік шеберліктерін дамытуға мүмкіндік туғызу мақсатында Барқытбел ауылында «Алдар көсе» атты қуыршақ театрының қойылым байқауы өтті.
Аймақтық іс-шара болғандықтан іс-шараға «Барқытбел орта мектеп-бақша» КММ, «Батпақты негізгі мектебі» және «Некрасовка орта мектеп-бақша» КММ мектептері қатысты. «Барқытбел орта мектеп-бақша» КММ Алдар көсенің «Балдырғандар еліне сапары», «Батпақты негізгі мектебі» «Алдар көсенің сиқырлы тоны», «Некрасовка орта мектеп-бақша» КММ «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай» атты қойылымдарын ұсынды. Шара барысында балалардың есінде қалатындай жағымды ахуал орната отырып, мектептің бастауыш сынып оқушылары қуыршақ театрының сахналық қойылымын жасап, «Балдырғандар» шаһарына жету үшін халық ауыз әдебиетінің кейіпкерлерімен кездесті . Балаларға арналған ойындар, «Арқан тартыс» ұлттық ойыны, жаңылтпаш айту, өнерпаздар байқауына ұйымдастырылды. Мектептің оқушылары қуыршақ театры мен ертегі кейіпкерлерінің көрінісін тамашалады.
«Алдар көсе» ертегісінің қойылымын көре отырып оқушылар әлсіз жанға қорған болуға, адам баласына қастандық жасаушылар қаншама күшті айлалы болса да , олар мақсаттарына жете алмайтындықтарына көз жеткізді. Келешекте оқушылар өз бойынан ертегідегі жағымды кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін көре отырып , өз бойларына сіңіреді деген ниеттеміз.

[right]ШҚО Үржар ауданы Барқытбел ауылы
«Барқытбел орта мектеп-бақша» КММ
Тәрбие ісінің меңгерушісі:
Ковнашарова Кульжамал Калибаевна


Похожие публикации:

04 июль 2017 123