08
март
2018
8-наурыз мерекесі
Мерекеге байланысты мектеп алаңы безендірілді. Іс-шара жоспары жасалып,бекітілді. Тарих мұғалімі Құдабаева А.С. 8-11сыныптарға Қазақстан тарихындағы ұлы әйелдер,батыр-замандастар туралы бейнероликтерді көрсетіп, таныстырды. Мектеп кітарханашысы Солтанбекова З.О. «Қаһарман қыздарға тағзым!»атты тақырыптық сөре жасады.Астананың 20жылдығына орай «Әйел қашанда тіршіліктің шырайы...» атты қол-өнер көрмесі мен оқушылардың сурет байқауын технология пәні мұғалімі Конусова А.А. ұйымдастырды. 7сыныпта Нұрсыдық Гүлмиза «Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк» патриоттық сабақ, 1-2сыныпта Бекбергенова Қ.И,Алиппаева С.К. «Мәншүктің жұлдызды сағаты» тәрбие сағаты, 5сыныпта Ануарбекова З.Қ. «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі» тақырыптық кеш, «Ана-өмір бастауы» ертеңгілік даярлықта, «Айналайын,анашым» балабақша , «Аялаған,ақ мамам» шағын орталық, , 1,4сыныпта «Менің анам алтын» тәрбие сағаты,2,3сыныпта «Сүйкімді ханшайым ,сымбатты ханзада» сайыс, 8-11сыныптарда «Ал,кәнекей,қыздар!» сайысты Конусова А.А, Калиева Т.З . өткізді. Қорытындысында тәрбие ісінің меңгерушісі мен музыка мұғалімі Конусова А.К. ұйымдастыруымен «Ана-өмір шырағы» тақырыбында мектепішілік аналарға мерекелік концерт өткізілді.
[thumb]http://novo-andreevka.mektebi.kz/uploads/posts/2018-03
[thumb]http://novo-andreevka.mektebi.kz/uploads/posts/2018-03/1520568627_img_20180307_123953.jpg[/thumb]
[thumb]http://novo-andreevka.mektebi.kz/uploads/posts/2018-03/1520568627_img_20180307_123953.jpg[/thumb]