05
апрель
2018
"Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуі
«Барқытбел орта мектеп -бақша»КММ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»атты халыққа ҮНДЕУІ
Күні : 17.03.2018
Қаралған орыны: «Барқытбел орта мектеп -бақша»КММ
«Мемлекеттік басшысының өз бастамаларын арнайы Үндеу арқылы жариялап,онда қазақстандықтарға шынайы алғысын білдіруі ,оның маңыздылығын арттыра түсті. Бұл-Елбасының халқына ұсынған президенттік сыйы.Ол бастамалардың әрқайсысы бүгінгі таңда халықтың көкейінде жүрген ең маңызды мәселе болып табылды.Үкімет басшысы халықтың әлеуметтік өміріне түбегейлі өзгерістер алып келетін барлық қадамдар бойынша бірыңғай жол картасы әзірленетінін айтып,тиісті министірліктерге нақты тапсырмалар жүктеді.
«Қашанда халқының жан дүниесіне терең бойлап,елінің жүрегіндегі арманын дөп басатын Елбасының бастамаларын мүлтіксіз жүзеге асырып,тиянақты орындау-бәрімізге сын!Сондықтан біз барлық күш-жігерімізді жұмылдырып,Елбасы жүктеген,ел күткен үдеден шыға білуге тиіспіз».Осылайша Елбасы кезекті рет Қазақстан үшін халқының әлеуметтік жағдайы әрдайым басым бағыт болып саналатынын іс жүзінде дәлелдеп берді.
Қазіргі таңда халықтың ең басты әлеуметтік мәселесі баспана екеніне тоқталып,мұны шешу үшін атқарылып жатқан жұмыстарды мысалға алды.Мәселен былтыр рекордтық деңгейде 11 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынған. Әйтсе де әлі күнге дейін көптеген қазақстандықтың пәтерге мұқтаж екенін айтып өтті.Сондықтан да Президентінің бастамаларын жұртшылық қуана қабылдауда.Үндеуде баспана мәселесі,жалақасы төмен азаматтардың салық жүктемесін азайту,жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру,студент жастарды жатақханамен барынша қамтамасыз ету,шағын несие көлемін ұлғайту,бірнеше қалаға газ тарту мәселелері ұсынылып қана қоймай,оларды іске асыру тетіктері де нақты көрсетілгеніне назар аударды.
Менің нақты тоқталып айтайын дегенім :
Үшінші бастаманың көлемі де қайран қалдырарлықтай.Неге десеңіз,жоғары оқу орындарына бөлінетін қазіргі 54 мың грантқа тағы да тұтастай 20 мың грант қосылғалы отыр,оның 11 мыңы бакалавриаттағыларға, соның ішінде жаңа экономика қатты қажет ететін қат мамандықтарға бөлінбекші.
«Өткенге қарап,ертеңінді түзе» деген өсиет бар,себебі өткенің өнегесі-бүгінгі күннің баға жетпес байлығы.Осыны жадында тұтып,тарихтан тағлым ала білген халқымыз Тәуелсіздік дәуірінде татулық пен бірліктің,тыныштық пен тұрақтылықтың арқасында талай табыстарға кенелуде. Осы ұлы жауапкершілікті сезініп,барша ұлыстардың ұйытқысы болып,өзгеге өнеге көрсете білейік. Сонда ғана халқымыздың атын иеленген қасиетті Қазақстанымыз көркейіп,дами береді.
Еліміздің көңілі жайлы,тұрмысы майлы болады.Осыны үнемі есте тұтып,тың міндеттерді тындырымды жұмысқай ұластырайық! Іске сәт!
Жарыс сөзге қатысқан: мектеп директоры Серикбева Дэляфнур Османовна