«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанн » Коммунальное государственное учреждение "Баркытбельская средняя школа "
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Барқытбел орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанн
21
ноябрь
2018

«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанн


«Балалық шақ – мейірімділік мекені» ұранын басшылыққа ала отырып жұмыс жасады.
12.11.18. күні онкүндіктің ашылуы өтті. Ашылуында барлық мектеп оқушылары мен мұғалімдері онкүндіктің жоспары , мақсаты мен міндеттерімен таныстырылды. Жоспарға сәйкес 13 қараша күні әртүрлі нысаналы топтарға арналған (балалар және жасөспірімдер, ата-аналар және педагогикалық қызметкерлер): 1 сынып - «Балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу. 2 сынып - Мамандарға арналған жадынама», 3 сынып - «Ата-аналар үшін жадынама», 4 сынып «Ата-ана болу – керемет!», 5 сынып «Сенім телефоны. Көмекті қалай сұрау керек?», «Кімге жүгіну керек?», 6 сынып «Әр бала зорлық- зомбылықсыз балалық шаққа құқылы», 7 сынып «Хабарласыңыз! Көмектесеміз!», 8 сынып «Зорлық-зомбылыққа бірге төтеп берейік!», 9 сынып «Ата-аналарға ынталандыру және жазалау жөнінде», 10 сынып «Балалық шақ қорғалуда», 11 сынып «Тыңдалуға құқық» және т.б. тақырыптық кітапшаларды, жадынамаларды, ақпараттық парақшаларды басып шығарып, басқа сынып оқушыларына таратты және де мектептегі ақпараттық тақтаға іліп қойды.
Әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалар мен отбасыларды анықтау мақсатында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім. Көше» сияқты рейдтік шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп әкімшілі мен бірге ата-аналарда рейдқа шықты.
12-22 қараша аралығында мектеп кітапханашысы балаларға қатысты зорлық- зомбылық және қатыгездіктің алдын алу мәселелері бойынша білім беру мекемелерінде әдістемелік, нормативтік құқықтық әдебиет көрмелерін, ақпараттық бұрыш ұйымдастырды.
12-23 қараша аралығында Мектеп психологы балалармен, жасөспірімдермен және ата-аналармен консультациялық, психокоррекциялық жұмыс ұйымдастырып отырды.
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық- зомбылық қылмыстардың, соның ішінде сексуалды сипаттағы қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шақырумен ата-аналар жиналысы өткізді. Жиналыста «Отбасындағы зорлық-зомбылық: балаға қалай көмектесуге болады?» атты баяндама ата-ана назырына ұсынылды.
12-16 қараша аралығында 8-11 сыныптары арасында «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» , «Мен бақытты баламын», «Балалық шақ мейірімділік мекені» және т.б. тақырыпта үздік эссе байқауын қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері ұйымдастырып өткізді. Мектебімізде 6-10 сыныптар оқушыларының арасында үздік эссе байқауы ұйымдастырылды.Тақырыбы «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары». Әр қатысқан оқушы ойларын өз түсініктері бойынша жеткізе білді. Қатысқан оқушылар:
6 сыныптан: Е. Рабиа « Жанұя» О. Тоғжан «Бала елдің болашағы»
7 сыныпта: А. Зарина «Балалық шақ « К. Даяна Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»
10 сыныпта: Д. Сұнғыла «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»
Осы эссе байқауына қатысқан оқушылардан 10 сыныпта Д. Сұнғыла және 7сынып оқушысы Онғартаева.Т 7 сыныптан Амангелдиева.З жазған еңбектері үздік деп бағаланды.
Қорыта айтқанда зорлық зомбылықсыз балалық шақ, балаңыздың да, еліміздің де болашағы.
1-2кл -13.11.,3-4кл- 14.11., 5-6кл- 15.11. 7-8кл- 16.11. 9-11кл- 17.11. күндері Заңгер, АІІБ инспекторлары және т.б. шақырумен оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары», «Өкпелеу және қорлаудан сақ болайық, балалар» және т.б. тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді.
Мектеп психологының басшылығымен өмірлік қиын жағдайға түскен балалар мен отбасыларға «қызу желі», жасөспірімдер мен жастар үшін «сенім телефоны» қызмет жасады.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ковнашарова К.К

«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанн
«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанн
«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанн