Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып, білім алған» » Коммунальное государственное учреждение "Баркытбельская средняя школа "
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Барқытбел орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып, білім алған»
18
февраль
2020

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып, білім алған»

«Түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып, білім алған»

18.02.2020 жылы «Барқытбел орта мектеп-бақша» КММ директоры Серикбаева Д.О.  басшылығымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай оқушыларға мамандықты дұрыс таңдай білуге бағыт-бағдар беру , мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында  «Түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып, білім алған» атты 9-11 сыныптар арасында сайыс өтті. Бұл іс-шараға «Үржар колледжі» КММ директоры Чарахметов Қ.М., колледж мұғалімдері және ауылымыздың еңбекқор азаматтары механизатор Солтанов Қ.Ө., жылқышы Мақұлбай Қ. үй шарушылығы  өнімдерін халыққа ұсынып отырған  Жомартова Д.А. қатысты. Өздері таңдаған мамандықтар бойынша оқушылар 4 топқа бөлініп , осы істің шебері деген ауыл тұрғындарынан сұхбат ала отырып, осы мамандықтың артықшылықтары мен қиындықтарын презентация жасау арқылы көрсете білді.  Ал қиындықтарды шешу жолы туралы келген  қонақтарымыз өз ойларын айтты. Іс-шара соңында колледж мұғалімі Ахмедиева Г.С. және мектебіміздің түлегі, қазір  сол колледж оқушысы Бауыржан Ділнұр екеуі мастер-класс өткізді.  Осындай іс-шара арқылы оқушыларға мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ табудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе және әрбір адам өзін өзі дамыту үшін білім алып, соған сай мамандыққа машықтану керек екендігін жеткізе білдік деп ойлаймыз.