20
декабрь
2018
"Барқытбел орта мектеп -бақша" КММ
Барқытбелде өткен кездесу
Барқытбел орта мектеп-бақшасында біздің өңірдегі, тек қана біздің өңірде кездесетін фауна мен флора түрлерін сақтап қалу мақсатында құрылған Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында жалпы 140 мың гектар аумақты алып жатқан жаңа қорық 6 түрлі кластерлік жер телімдерінен тұратын парк Тарбағатай тауларының оңтүстік баурайы мен Үржар, Қатынсу, Емел өзендерінің алқабын қамтитындығы айтылды. Қорықтың ерекшелігі, онда өсімдіктердің өзге аумақта кездеспейтін қызыл кітапқа енген түрі бар екендігін және жануарлар әлемінің де бай екендігін слайд арқылы айтып берді.
Халықтың денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, шығармашылығына қайта шабыт беру, түсіңкі көңілін көтеріп, өмірге құштарлығын арттыру үшін , рухани-мәдени дамуға, өнер мен ғылым-техникаға серпін беру үшін туризмді дамыту керектігі жайлы да айта кеткенді жөн көрді. Басқа жақтан келген қонаққа ауылдарыңа қандай жарнама жасар едіңдер деген сұраққа постер құрату арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра білді. Кездесу соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісті және де кездесудің өте тиімді әрі пайдалы болғандығын айтты.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ковнашарова К.К.