1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні ! » Коммунальное государственное учреждение "Баркытбельская средняя школа "
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Барқытбел орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
ноябрь
2019

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні !

«Барқытбел орта мектеп-бақша» КММ

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін өткізу туралы мәлімет

2019-2020 оқу жылы


      Барқытбел орта мектебінде мерекелік шараның жоспары жасалынып бекітілді. Мектептегі безендіру жұмысы жүргізілді. « Менің Тұңғыш президентім» тақырыбында қабырға  газеттер  шығарылып, « Н.Назарбаев: Адам және Саясаткер» атты кітапханада Конусова Айгуль Касеновна кітап көрмесін  ұйымдастырды.  « Менің Президентім» 1-2 сынып Куватова Лаура Заманбековна,Амарбекова С.О., «Ел жүрегіндегі – Нұр Астана»  3-4 сынып Бекбергенова К.И Алиппаева С.К,  «Біздің Елбасымыз» 5-7 сынып Сыдыкова Б.А., Дуйсембаева Г.К., «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті»  6-8 сынып Баязова С.Т., Конусова А.И., 9-10 сынып Еркетаева А.Н., Худайбергенова Н.Т. «Елбасы –ел тірегі» атты тәрбие сағаттар кең ауқымда өткізілді.  29 қараша күні «Ұланымыз ұлы елдің» салтанатты жиында «Жас Қыран» ұйымына 1 сыныптың 9 оқушысы қабылданды.  

      Жиында әр сынып репорт береді, «Жас Ұлан» ұйымының туы шығарылып, 6-7 сыныптың оқушылары көркем сөз оқыды, « Жас Ұлан Ұйымының»  гимні орындалды. Ауылымыздың тұрғыны Тыл ардагері Джаксыгельдинов Омурғалы Сағымбайұлы  құттықтау сөзін сөйлеп, осы кісілердің ізін жалғастырып келе жатқан мектеп оқушыларын шын жүректен Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Мектеп директоры « Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға өзінің жылы лебізін білдірді. Барлық мерекелік шаралар қызықты да, тартымды өткізілді. 



Мектеп директоры:              Серикбаева Д.О